«Ауасы өте лас, тыныс алу мүмкін емес»: Шахматтан әлем чемпионы Алматының экологиясы жайлы пікір білдірді

Фото: коллаж ozgeris.info

Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен Алматыда өткен жылдам шахмат бойынша әлем чемпионаты туралы Джо Роган подкастында әңгіме құрды.

Экс-әлем чемпионы Магнус Карлсен еліміздегі жарыс кезінде таза ауамен демалу үшін Алматының тауларына барып күш жинауға мәжбүр болғанын жеткізді.

«Шахмат бойынша жарыстар әлемнің түрлі елдерінде ұйымдастырылады. Бұл чемпионат Алматыда өтті.  Бұл қала әсіресе қыз мезгілінде ауасы өте лас, жағымсыз»,— деді Карлсен.

Ол қаладан небәрі бір сағаттық жерде Альпідегідей әсем таулар бар екенін, онда шаңғы теуіп, тамаша уақыт өткізуге болатынын атап өтті. Сондай-ақ, қазақ халқының қонақжайлылығы оған үлкен әсер қалдырғанын жеткізіп, ризашылығын білдірді. Көздің жауын алатын Қазақстанның табиғатына ғашық болғанын жасырмады.

«Биіктігі үш мың метрден асатын тауларда демалу керемет. Алайда таудан төмен түсіп, қаланың ішінде болу, тыныс алу мүмкін емес», — деп қосты шахматшы. 

Айта кетейік, Алматы әлемдегі экологиясы ластанған 125 ірі қалалардың бестігіне енген. Екінші орында Каир, ал ауасы ең лас қалалар қатарында үшінші болып Дели шаһары тұр.

Зертеушілер Алматы ауасының 200-ден астам индекс бойынша ластанғанын анықтаған.

Qazaqstan.tv жазуынша, сарапшылар мұны денсаулыққа «өте қауіпті» деп бағалайды. Мамандар мұндай кезде терезелерді ашпауға, маска тағып жүруге, далада жаттығу жасамауға және ауаны тазалайтын құрылғы пайдалануға кеңес береді.

Бұған дейін Алматы желтоқсан айының басында 12-орында болса, айдың аяғында 7-орынға тұрақтаған еді.

Экологтар ауаның ластануына бірінші кезекте автокөліктерден, жылу орталықтары мен кәсіпорындардан тарайтын зиянды қалдықтар себеп, деп отыр.

«Алматы қаласында миллионнан аса ағаш отырғызылды дейді. Бірақ миллион ағаш көрінбейді», – деді эколог Әділ Нұрпейісов.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...