Бұл туралы «Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлері» ҚБ төрағасы Ыбырай Дуанбай Қазыбайұлы ауған соғысы жайлы жастармен кезінде айтты, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо ақпараттық-сараптамалық порталы Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ауған соғысының батырларын ұмытуға құқығымыз жоқ. Олар-барлығымызға, әсіресе жастарымызға үлгі, абырой және құрметпен отанға деген борышын өтеу әлде қайда маңызды екенін көрсете білді. Оларды Отанды шын сүюдің үлгісі деп танимыз. Мереке күні елімізге бейбіт аспан, тыныштық пен амандық тілеймін», – деп Дуанбай Қазыбайұлы өз сөзінде, ыстық тілегін білдірді.
Кездесу барысында жастар өз пікірлерімен бөлісіп, спикерлерге көкейінде тұрған сұрақтарын қойып, сапалы жауап алды. Студенттер әскери борышын өтеген жауынгерлердің ерлігі мен батылдығы туралы көптеген мағлұматтарды бойына сіңіріп, осындай батыр ағаларымыздың өз аузынан айтқан әңгімелерін тыңдау мақтаныш тұтуда.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен интернационалист-жауынгерлерге деген патриоттық және құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында, жастар және жастар ұйымдары өкілдерінің Ауғанстандағы соғыс ардагерлері одағының студенттердің кездесуі ұйымдастырды. Сондай-ақ, шараға «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшелері, «Томирис» рухани-патриоттық қыздар клубының қатысушылары, «Жас сарбаз» ұйымының тәрбиеленушілері, «Номад» әскери-патриоттық клубының мүшелері қатысты.
Еске салсақ, 1989 жылы 15 ақпанда Ауғанстан өкіметінен соңғы Кеңес әскері шығарылды. Он жылға созылған сұрапыл соғысқа 620 мыңға жуық кеңес, оның ішінде − 22269 қазақстандық жауынгерлер қатысты. Содан бері аталмыш күн, ауған соғысында болған әрбір жауынгерлер мен офицерлерді еске алу күні.
ПІКІР ЖАЗУ