1989 жылы 15 ақпанда Ауғанстан өкіметінен соңғы Кеңес әскері шығарылды. Он жылға созылған сұрапыл соғысқа 620 мыңға жуық кеңес, оның ішінде − 22269 қазақстандық жауынгерлер қатысты. Содан бері аталмыш күн ауған соғысында болған әрбір жауынгерлер мен офицерлерді еске алу күні.
Осы күнге орай, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен ақпанның 14 жұлдызында сағат 10:00-де интернационалист-жауынгерлерге деген патриоттық және құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында, жастар және жастар ұйымдары өкілдерінің Ауған соғыс ардагерлері одағымен кездесу өтеді. Сондай-ақ, шараға «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшелері, «Томирис» рухани-патриоттық қыздар клубының қатысушылары, «Жас сарбаз» ұйымының тәрбиеленушілері, «Номад» әскери-патриоттық клубының мүшелері қатысады.
Өтетін орны: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1Б (мәжіліс зал).
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі
ПІКІР ЖАЗУ