Атыраулық әйелге діни сурет желіге жүктегені үшін айыппұл салынды

Атырау тұрғынына 129 мың теңге айыппұл салынды. Бұған әлеуметтік желіде жариялаған діни мазмұндағы суреті себеп болған, — деп хабарлайды Jambylinfo.kz Атырау облыстық сотына сілтеме жасап.

Атыраудың Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі соты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу» бойынша істі қарады.

Атырау тұрғыны «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында діни мазмұндағы суретті көпшілікке жариялап, осы бапты бұзған.

«А-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, сарапшының қорытындысы, әңгімелесу хаттамасымен расталды», — делінген сотта.