Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған патрульдік полиция қызметкерін көлік қағып кетті, деп хабарлайды ozgersin.info ақпарат порталы.
Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрлардан полция қызметкерінің жол үстінде жатқанын көруге болады.
Атырау облысының полиция департаменті ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«30 қыркүйекте сағат 18:40-та Toyota Corolla көлігінің жүргізушісі қызметтік міндетін атқарып тұрған патрульдік полицейді қағып кетті. Оқиға салдарынан полиция қызметкері түрлі дене жарақаттарын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.
Департамент жол-көлік оқиғасы бойынша тиісті құжаттар жинақталып, сараптама қорытындысы бойынша іс шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетінін атап өтті.
Жүргізуші күн сәулесінен жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді байқамағанын айтып, болған оқиғаға өкініш білдірді.
ПІКІР ЖАЗУ