Атырауда жас келіншек баласын көлікте қалдырып, өлтіріп ала жаздады

Атырауда бір жасар баланы анасы есігі құлыптаулы көлікте қалдырып кеткен. Ол тұншығыа, өле жаздаған.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, 10 маусымда 103 номеріне шақыру түскен. Әйел баласын қалалық перзентхананың маңында тұрған көлігіне тастап кеткен. Қайтып келсе, оның ес-түссіз күйде жатқанын көрген. Әйел бірден баланы перзентханаға апарған.

Дәрігерлер баланы тексерген кездерінде терісі қызарып ісінгенін анықтаған. Дене температурасы 40 градустан асқандықтан, жүрегі тез соғып, есінен танып қалған.

«103 бригадасы келгенге дейін қалалық перзентхананың неонатолог дәрігерлері алғашқы көмек көрсетті. Содан кейін жедел жәрдем фельдшерлері реанимациялық жұмысты жалғастырды», — дейді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманова.

Дәрігерлердің арқасында бала аман қалды. Ол Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Ведомство өкілдері ата-аналарға аптап ыстықта баланы көлікте қалдырмауға кеңес береді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит