Атырау қаласында бір топ жастың арасында жанжал туындап, соңы топтық төбелеске ұласқан. Төбелестен 18 жасар екі бозбаланың жарақат алғаны анықталды.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, топтық төбелес кеше 26 желтоқсанда түнде болған. Төбелес туралы видеосы әлеуметтік желі мен Whatsapp мессенджерінде видео тараған еді.
«Әлеуметтік желіде Атырау қаласының аумағында орналасқан мейрамханалардың бірінің алдында топтық төбелестің бейнежазбасы таралды. Бейнежазбадағы құқық бұзушылыққа жол берген барлық тұлға анықталды. Олар Атырау қалалық полиция басқармасына жетізілді. Топтық төбелестің салдарынан 2005 жылғы екі адам жеңіл жарақат алды. Ал, бейнежазбада айтылған «пышақпен дене жарақатын салды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір төбелеске араласқан жастарға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігімен тергеу жұмыстары жүргізуді бастады
«Мейрамханада студенттер мен жастарға іс-шара ұйымдастырылған. Іс-шараны ұйымдастырушыларға тиісті жауапкершілік қарастырылып жатыр», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
ПІКІР ЖАЗУ