Атырауда қайғылы жағдай болды

Атырау облысында жарты жылдай іздеуде жүрген ер адам көлігімен бірге суға батып кеткені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Индер ауданындағы Жайық өзенінде болды. Осыған қатысты Атырау облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

«7 қаңтар күні Индер ауданы Елтай ауылына жақын жердегі Жайық өзенінен автокөліктің дөңгелегін байқаған тұрғын құзырлы органдарға хабарлаған. Автокөлік ішінен 1971 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды. Айта кетейік, аталған ер адам 2024 жылдың тамыз айында із-түссіз жоғалған тұлға ретінде іздеуге жарияланған. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жәйі тексеріліп жатыр», — делінген облыстық ПД хабарламасында.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора