Жаңалықтар

Атырауда ескерткіш 7 жасар қыздың үстіне құлады

Атырауда жеті жасар баланы ескерткіш басып қалды, деп хабарлайды Ozgeris.Info Atyrau online сілтеме жасап. Желілік басылымның хабарлауынша, кеше Жеңіс саябағында жауын-шашын жауған кезде ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіштің бірі жеті жасар қыздың үстіне құлаған.
"2017 жылы туған қыздың үстіне ескертікш құлады. Алған жарақатының салдарынан қыз облыстық балалар ауруханасында көз жұмды", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.'
Қазір бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Барлық жаңалық