Атырауда ер адам бұрынғы сүйіктісін өлтірмек болған

полиция
Фото: polisia.kz

Атырауда бұрынғы сүйіктісін өлтірмек болған ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Әйелдің өміріне қастандық жасау әрекеті үйдің кіреберісіне орнатылған камераға түсіріп қалған. Кадрлардан ол пәтердің есігін құлыптап, далаға шықпақ болған кезде ер адам шабуыл жасағанын көруге болады.

Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 9 маусымда 29 жастағы күдіктіге қатысты соталды тергеу басталған.

«Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені қабылданады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде болғаны анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», — дейді ПД өкілдері.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом