«Ел тарихындағы ең ірі айыппұл»: Атырау қаласының тұрғыны не үшін 37 млрд айыппұл арқалады

Фото: Диас Нұрақын
Мұндай ірі көлемдегі айыппұл бұрын-соңды болмаған. Бұл ақшаға біздің елде 10 жайлы мектеп салуға болады.
Ең қызығы, отыз жылдан бері теңізге мұнай төккен ірі компаниялар мен далаға күкірт тастаған уран өндірушілер де мұндай айыппұл арқалап көрмепті.
Ал, мұнай қалдықтарын утилизация жасаумен айналысатын ТОО-ға тарихта болмаған айыппұл салынған.
Бұл оқиға Атырау 2023 жылғы қарашада Атырау қаласында болған. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты серіктестіктің экологиялық рұқсатсыз 13 108 тонна мұнай қалдықтарын «Сағыз» полигонында жинақтағанын анықтап, «Oxygenator» ЖШС айыппұл тағайындаған.
Серіктестік сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсіргенімен, 2023 жылғы 29 қарашада Атырау облыстық соты бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырды. 2024 жылғы 22 қаңтарда Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Oxygenator» ЖШС-не экологиялық рұқсатсыз қалдықтарды жинақтауға тыйым салу туралы шешім шығарды.
Айыппұл әлі толық өндірілмеген, ал серіктестіктің қызметі қажетті экологиялық рұқсат алынғанға дейін тоқтатылды. Бұл жағдай өңірдегі экологиялық заңнаманың қатаң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан бақылау шараларының бір бөлігі болып табылады.
Осы күнге дейін ТШО, АНПЗ, ҚазАтомПром, NCOC деген компаниялар қанша айыппұл төледі екен? Бәрінікін қосқанда 37 млрдқа жетпейтін шығар?
Мәселен 2022 жылы экологияны ластаған компанияларға (бүкіл Қазақстан бойынша) 5,8 млрд айыппұл салыныпты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)