19 қыркүйек күні сағат 17:48 шамасында полицияға Аққыстау ауылы 1993 ж.т тұрғыны хабарласып, 20 минут бұрын үйінен 5 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы хабарлаған.
Жедел-іздестіру жұмыстары дереу басталған. Полицейлер жасөспірім баланың дыбысын тұрғын үй ауласындағы кәріз шұңқырынан байқап шығарып алуға талпынған.
Балаға төнген қауіп пен уақыттың тығыздығын түсінген ол өзге әріптестерін де көмекке шақырады. Кәріз құдығының қақпағы тар болғандықтан бүлдіршіннің денесіне жарақат салмау үшін құтқарып алып шығу үшін 5 минуттай уақыт кетті.
Баланың денсаулығы жақсы, дәрігерлер тексеруінен өтті.
ПІКІР ЖАЗУ