Атырау облысында жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлік түгі қалмай өртенді.
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, оқиға кеше, 11 аурызда болған.
«Мақат ауданының орталығы – Мақат кентінде кешкі сағат 20:00-де автобус өртенді. Жалын сағат 20:39-да оқшауланып, сағат 20:52-де толық сөндірілді», — деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Қоғамдық көліктің Атырау қаласы мен Мақат кенті аралығында жолаушы тасымалдайтыны анықталып отыр. Өрттен зардап шеккендер жоқ.
Жалынды сөндіруге 7 адам мен 2 техника тартылған.
ПІКІР ЖАЗУ