Атырау облысында жиырмаға жуық адамды қарақұрт шаққан

Фото: Pixabay.com
Атырау облысында қарақұрт қаптап барады. Осы уақытқа дейін 16 адам зардап шеккен, — деп хабарлайды Ozgeris.info.

Жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түскен 6 адамның үшеуі — бала. Өрмекшінің бұл түрі қауіпті.

Әсіресе Индер, Құрманғазы аудандарында жағдай ушығып тұр.

Ауруханаға түскен тұрғындардың барлығы сауығып, үйлеріне шығарылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Дегенмен улы жәндіктен ірі қара да зардап шегіп жатыр. Қарақұрт шаққан 180 бас түйе шығын болды.

«Жер үйде тұратын адамдар бар. Оларға шарбақтарын тазалағанада дене терісін толықтай жабатындай етіп киініп, қолғап киіп тазалауды ұсынамыз. Онан кейін сыртта аяқ киімдері болатын болса, немесе, тыстан үйге келгенде киімдерін қарап, оған қарақұрт енген жоқ па, соларға мән беріп, қарауларын ұсынамыз», дейді дәрігер-эпидемиолог Руслан Қайыржанов.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы