Махамбет ауданының Талдыкөл ауылынан облыс орталығы — Атырау қаласына 129 адам, оның ішінде 102 бала жеткізілді.
«138 адам өз бетінше эвакуацияланды, оның ішінде 62 бала туыстарына кетіп қалды. Эвакуация жалғасуда. Қазіргі уақытта елді мекендегі тұрғын үйлерді су басқан жоқ «, — деп хабарлады ТЖМ.
Атырау облысы жедел штабының соңғы мәліметтері бойынша (13 мамыр күні сағат 20:00) Махамбет ауданындағы Жайық өзенінің деңгейі қауіпті белгіден асып, 973 см (7 сағатта + 12 см), сыни деңгейі — 850 см.
ПІКІР ЖАЗУ