Атырау облысында 2 күнде жол-көлік оқиғасынан 3 адам көз жұмды

Атырау облысында жаңажылдық мереке күндері 2 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам көз жұмды.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасының бірі Құрманғазы, екіншісі Қызылқоға ауданының аумағында тіркелген.

«Жаңа жылдың алғашқы екі күнінде Атырау облысында екі жол-көлік оқиғасынан 3 адам қаза тапты. Осыған байланысты жүргізушілерге көліктің жылдамдығын шамадан тыс асырмай, жолда жүру ережесін сақтауды ескертеміз. Көлік жолаушылары жүргізушіге жылдамдықты асырмауды ескертіп отырыңыздар», — деп дабыл қақты департаменттің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасының біріншісі 1 қаңтарда сағат 21:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахан бағыты жолының 861-шақырымы тұсында болған. Жолда келе жатқан Тоуоtа көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында жантәсілім еткен.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...