Атырау облысы Құлсары қаласында көпір уақытша жабылды. Өйткені көпір қауіпті аумаққа еніп тұр.
Мұнайлы өңірдегі жалғыз моноқала атауы бар Құлсары – Жылыой ауданының орталығы. Аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың айтуынша, Құлсарыдағы «Достық» шағын ауданы мен 5-ауылды жалғап тұрған көпір қауіпсіздік шарасын сақтау мақсатында жабылған.
«Жылыой аудандық жедел штабтың шешімімен көпірдің үстімен жүру қауіпті деп танылды. Өйткені, көпірдің астымен ағысы жоғары су жүріп жатыр. Осыған байланысты көпірді уақытша жабу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы тұрғындарға полиция қызметкерлері түсіндіру жұмысын жүргізуді қолға алды», — деп хабарлады Гүлнафис Айшуақова.
Оның айтуына қарағанда, көпір жабылғанымен, көлік қатынасы үзілмейді. Көліктер басқа жол арқылы қатынайды.
Фото: видеодан кадр
ПІКІР ЖАЗУ