Атырау мұнай өңдеу зауыты отандық компаниядан табиғи газды сатып алады

Атырау мұнай өңдеу зауыты табиғи газды сатып алуы үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен келісім жасады. 

«АМӨЗ» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімінен мәлім еткендей, биыл 6 наурызда зауыт газбен жабдықтаушы кәсіпорыннан өнімнің алғашқы партиясы қабылданған. Қазір газ қабылдау жұмыстары штаттық режимде жүргізіліп жатыр.

«Келісім табиғи газды тікелей «QazaqGaz» АҚ-дан сатып алу мақсатын көздейді. Осы мақсат үшін «АМӨЗ» ЖШС мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арасында газ жеткізу туралы келісім жасады. Биыл Атырау мұнай өңдеу зауыты отын газын тұтыну көлемі 130 млн текше метрді құрайтыны күтіліп отыр. Бұл шамамен 700 млн теңге қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді», — деп хабарлады кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімі.

Атырау мұнай өңдеу зауытында 2004 жылдан бері технологиялық пештерде жағу үшін табиғи газ қолданылады. Бұл – экологиялық таза отын түрінің бірі.

Фото: Атырау мұнай өңдеу зауыты