Атырауда «Зейнеп Әмина» жеке меншік балабақшасының тәрбиешісі баланы тепті. Оқиғаның бейнесі әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды CMN.KZ.
«Ақ Жайық» хабарлағандай, оқиға 15 қаңтарда «Зейнеп Әмина» балабақшасының дайындық тобында болған.
Облыс полиция департаментінде ақпарат расталды. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.
«Оқиға Атырау шағын ауданындағы балабақшалардың бірінде орын алды. Қылмыстық іс қозғалды, кешенді тергеу шаралары жүргізілуде», — деп хабарлайды ЖП баспасөз қызметі.
Кейіннен белгілі болғандай, тәртіп бұзған тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шығарылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру