Өскеменде орындықты қазақша дұрыс аудармай, “қатты нәжіс” деп сатып жатыр. Бұл туралы Өскемен тұрғыны ШҚО облысының дін істері басқармасының бөлім басшысы Ермек Құрманғалиевтегі Facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы.
“Өскеменде «Светофор» деген дүкен бар. Ресейдің кәкүр-шүкір тауарлары. Кейбір шаруашылық тауарлары болмаса, азық-түліктері жеуге жарамсыз, дәмсіз бірдеңе. Ал мынау сол дүкенде сатылып жатқан орындық. Табуретка. Аудармасының кейпін қараңыз. Сонда «атауы біртүрлі» тауарларды шекарадан кіргенде қадағалайтын ешкім жоқ па?”,- деп жазды Өскемен тұрғыны.
Сондай-ақ, Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының вице-президенті Максим Рожин де жазбаны өз парақшасына алып жариялады.
“Жұмсақ нәжіске көңілі толмағандар қаттысынан көріңіздер, қайда сатылып жатқаны табылды….
P.S: Өскемендегі дүкеннің біріндегі аударманың сиқы….” ,- деп жазды ол.
“ozgeris.info” порталы
Масқара! Билікте Қазақстанның мемлекеттік тілін білмейтін орыс ұлтының өкілдері мен өз тілін білмейтін мәңгүрттер отырған қаладан осындай сорақылықтан басқа не күтуге болады? Осы мазақ үшін «Светофор» дүкеніне қомақты айып салу керек. Мазақтың арты қалтасына ұрғанда кәсіпкердің адамгершілігі оянады.