«Ата-анасының көз жұмғанын білмейді»: Ақтөбеде кепілге алынған әйел туралы соңғы деректер шықты

Фото: Pixabay.com

Науқасқа ата-анасының қазасы туралы әлі хабарланбаған, ал дәрігерлер оның денсаулығы мен психологиялық жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр, деп жазады ozgeris.info тілшісі.

13 қаңтар күні Ақтөбе қаласында болған қайғылы оқиға барысында 75 және 67 жастағы қос қария қайтыс болды. Құтқарылған әйел қазір Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының нейрохирургия бөлімінде ем алуда.

«Оның жағдайы тұрақты, бірақ әлі орташа деңгейде. Диагнозы – бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы. Сонымен қатар, денесінің бірнеше жерінде көгерген және жараланған іздер бар. Қазір науқас төсектен тұра алмайды, толық тынығуы қажет. Телефон мен сыртқы ақпаратқа қол жеткізуге шектеу қойылған», – дейді Нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсат Уразжанов.

Дәрігерлер әйелдің психологиялық жағдайына ерекше назар аударып, оған қолдау көрсету үшін психологтар тартқан. Оқиға туралы сұрағанымен, оған тек денсаулығына қатысты ақпарат берілуде.

«Мұндай диагнозбен емдеу әдетте 5-7 күнді қажет етеді. Бірақ науқастың психологиялық ахуалына қарай емдеу мерзімі ұзаруы мүмкін», – деп атап өтті Уразжанов.

Қазіргі таңда науқасты полиция қызметкерлері күзетіп жатыр. Бұл жағдай қоғамды дүр сілкіндіріп, көпшіліктің алаңдаушылығын тудырды. Оқиғаның толық мән-жайы әлі де тергеліп жатыр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…