Зайсанда үш бойжеткен оқушы қызды қатты боқтап, ұрып, тізерлетіп қорлық көрсеткен. ШҚО полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Жанжалдың барлық қатысушылары анықталды. Кәмелетке толмағандар полицияға ата-аналарымен бірге жеткізіледі. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.Сонымен қатар, барлық қатысы бар құқық бұзушылардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жауапкершілігі туралы мәселе қаралатын болады.Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберу үшін материал дайындалуда. Барлық кінәлілер профилактикалық есепке алынады.», — деп хабарлайды ШҚО полиция департаменті.
ПІКІР ЖАЗУ