Мемлекет басшысы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және инвестициялық-өнеркәсіптік кооперацияны ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды жүзеге асырудың ерекше маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, барлық тапсырмалар стратегиялық сипатқа ие және екі ел арасындағы көпқырлы байланыстарды айтарлықтай нығайтуға бағытталған «, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, көпжақты форматтардағы және интеграциялық бірлестіктердегі өзара іс-қимыл талқыланды.
Лавров ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келді.
ПІКІР ЖАЗУ