Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылдан бастап тазы мен төбет өсіруді дамыту мәселесін жолға қойғаны белгілі. Аталған заң жобасы Парламентте қаралып жатыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, «Шопан ата» агро-қозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбай және Сұлтан Ибрагимовтың ұйымдастыруымен «Жеті қазына» төбет және тазы ит өсірушілер қауымдастығы құрылды. Арнайы құрылған ұйым Қазақстанда тұңғыш рет асыл тұқымды иттер көрмесін ұйымдастырмақ. Елімізде алғаш рет өткізілейін деп отырған шараның локациясы ретінде Алматы облысы таңдалды.
Іс-шараның мақсаты — тазы мен төбет жанашырларының басын қосып, біріктіру. Олардың тұқымын сақтап қалумен қатар, ғылыммен ұштастыру мәселелерін талқылау. Осы мәселеге сала мамандарын тарту.
Жобаның ауқымды мақсаты — қазақтың тазысы мен төбетін түркімен алабайы сияқты ұлттық брендке айналдыру. Осы мәселелерді ел арасында насихаттау.
Қауымдастық құрылтайшысы Алмасбек Садырбайдың айтуынша, «Тазы – жеті қазынаның бірі, ұлтымыздың құндылығы, байлығы. Оның тұқымын сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу – ұйымның басты миссиясы».
Ұйымдастырушылар: «Шопан ата» агро-қозғалысы және «Жеті қазына» төбет және тазы ит өсірушілер қауымдастығы.
Кімдер қатысады?
Шараға көптеген тазы мен төбет өсіруші энтузиясттар, сарапшылар мен кинологтар қатысады. Атап айтсақ, Украинаның Харьков қаласынан келген ит өсіруші Дмитрий Райхберг, төбеттер туралы ғылыми мақалалар авторы — А.Кожахметов, экс-кинолог Владимир Владимирович, тазы сарапшысы А.Алпысбаев, С. Ибрагимов, П.Пенкин, Махамбет Спабеков.
Өтетін орны: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы
Уақыты: 12 қараша, сағат 10.00
Ұлттық құндылығымыздың бірі — асыл тұқымды иттеріміздің тағдыры толғандырса, міндетті түрде келіңіздер!
Байланыс нөмірі: 8 747 222 52 17 Елназ
ПІКІР ЖАЗУ