Астананың балабақшаларына қымбаттатылған бағамен азық-түлік жеткізілді

Астанада мектепке дейінгі ұйымдарға жеткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын көтеру фактілері анықталды, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.

«Сауда үстемесін көтеруге жол берген бірқатар компаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Астана әкімдігі білім басқармасының басшылығымен бірлесіп 98 мектепке дейінгі ұйыммен профилактикалық әңгімелесу өткізілді.

Жасалған жұмыстардың нәтижесінде балабақшалар ӘМАТ жеткізушілермен өзара келісім бойынша шарттың жалпы сомасын азайту жағына қосымша келісімдер жасасады «, — делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта қаланың 21 мектепке дейінгі мекемесінде ӘМАТ жеткізу шарттары бойынша бағаның төмендеуіне қол жеткізілді.

Үнемдеу 31 млн теңгені құрады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.