Астаналық оқушы классикалық шахматтан оқушылар арасында әлем чемпионы атанды

Классикалық шахматтан оқушылар арасында Перу астанасы Лимада 2024 жылғы әлем чемпионаты өтті. Астаналық Айару Алтынбек 13 жасқа дейінгі оқушылар арасында алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордадағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің оқушысы жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

“Ең жоғары рейтингтік ұпайы (1868) бар шахматшы соңғы турды сәтті аяқтап, 9 партиядан 8,5 ұпай жинады. Сөйтіп, күміс жүлдегерден 1,5 ұпайға ұзап кетті. Айару қазіргі кезде гроссмейстер Антон Филипповпен бірге жаттығады”, — деді Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.