Астанада жаңа жыл түні отшашу қайда өтеді

Астанада 31 желтоқсанда сағат 00.00-де отшашу болады.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, жаңа жылдық отшашу демеушілердің қаражаты есебінен ұйымдастырылады.

Отшашу екі жерде өтеді:

— Ботаникалық бақ

— «Атырау» көпіріне іргелес аумақ.

Әр жерде шамамен 2,5 мың мәрте атылады.

Сол сияқты жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шаралар өтеді.

31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін елорданың қалалық алаңында, «Қазақ елі» монументі аумағында және ЭКСПО алаңында эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Жаңа жылға арналған мерекелік бағдарлама сонымен қатар Тәуелсіздік даңғылы, Орталық саябақ, Ататүрік саябағы, Промышленный елді мекені және «Көктал» саябағындағы Оқушылар сарайының аумағында өтеді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит