Елорданың айналасындағы Жасыл белдеуде маусымның алғашқы жаппай велошеруі өтті. 500-ге жуық қатысушы Қосшаға қарай айналмалы веложолдан бастап, Үркер тұрғын алабына барар жолдағы жасыл белдеу саябағына дейін 25 шақырымдық қашықтықты бағындырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Бұрынғы шарада 300-ге жуық қатысушы болса, бұл жолы 500-ге жуық адам болды. Азаматтардың бұқаралық спортқа деген қызығушылығы артып келе жатқаны қуантады. Осындай спорттық шараларда сіз басқалармен кездесіп, жасыл белдеуіміздің керемет әсерін сезіндіңіз деп ойлаймын», — деді Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Исламбек Байманов.
Жарысқа кез келген жастағы велосипеді бар әуесқой спортшы қатыса алады.
«Мектеп кезімнен түрлі спорт түрлерімен айналыстым. Қазір жасым ұлғайған соң, ауруханалардың табалдырығын аттамай, жасыл белдеудің ауасымен тыныстаған дұрыс екенін түсінемін. Мен ең жақсы көретін спорт түрі велоспорт екенін түсіндім. Алдағы 2 жылда мен Астанадағы барлық бұқаралық спорттық шаралардан қалыс қалмауға тырысамын.» ,- деп бқаралық спорттық шараға қатысқан, қатысушылардың бірі.
ПІКІР ЖАЗУ