Астанада техника дүкеніне ұрлыққа түскен тағы бір күдікті ұсталды

Астанада техника дүкенінен ұрлыққа түскен күдікті ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша,  Астана қаласы Полиция департаменті мен Алматы ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру кезінде техника дүкенінен ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы азаматты қолға түсірді.

Тергеу кезінде күдіктінің кешкі уақытта Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан сауда орталығындағы электронды техника дүкенінен Samsung маркалы сымсыз құлаққапты алып кеткені анықталды. Зат 64 мың теңгеге бағаланып отыр.

Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктінің Астанада осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Фото: Polisia.kz


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…