Елордада Орталық Азиядағы ең ірі – Automechanika Astana – 2024 халықаралық автомобиль көрмесі ашылды. Іс-шараны Business Media Central Asia Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен және Business Media Central Asia серіктестігі негізінде ұйымдастыруда. Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы АҚ биылғы наурыз айында Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ашылуы аясында Messe Frankfurt Азия аймағы бойынша өкілдігімен (Гонконг қ.) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.
Көрме 17-19 сәуір күндері Астанадағы ЕХРО халықаралық көрме орталығында өтеді. Халықаралық аудиторияға инновациялық өнімдер, қызметтер мен технологиялардың кең ауқымы көрсетіледі.
Қатысушы елдердің қатарында Қытай, Дания, Германия, Үндістан, Испания, Италия, Литва, Малайзия, Таиланд, Түркіменстан, Түркия, БАӘ, Польша, Ресей Федерациясы, Беларусь, АҚШ, Эстония, Оңтүстік Корея, Жапония бар. Бұл – Орталық Азиядағы іскерлік және конгресстік туризмнің хабына айналған Қазақстанға деген жаһандық қызығушылықты көрсетеді.
ПІКІР ЖАЗУ