Астанада LRT тірегінде ер адамның асылған денесі табылды(ВИДЕО)

Бейнеден кадр

24 қыркүйек күні таңертең Астанада қайғылы оқиға болды: ер адам Нәжімеденов көшесіндегі құрылыс объектісінде суицид жасады,деп хабарлайды ozgeris.info.

Оқиға туралы бейне әлеуметтік желілерде кең резонанс тудырды. Полицияның баспасөз қызметі 102 арнаға дарға асылған адам туралы хабарлама келгенін хабарлады. 38 жастағы марқұмның жеке басы анықталды.Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды және қазір болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.