Астанада лифт ішінде жарақат алған 5 жасар бала ауруханадан шығарылады

Лифт Астана
Видеодан скрин: BAQ.KZ

Астанада лифт ішінде жарақат алған 5 жасар бала ертең ауруханадан шығарылады. Бұл жөнінде №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы директорының орынбасары Медет Нұғманов айтты, — деп хабарлайды Ozgeris.info Atameken Business телеграм арнасына сілтеме жасап.

«Баланың жалпы жағдайы жақсы, шағымдар жоқ. Таңу жасалған кезде жараның тігістері жартылай алынды. Қабыну белгілері жоқ. Сондықтан ертең баланы ауруханадан шығарамыз деп жоспарлап отырмыз», — деді дәрігер.

Оқиға Астанадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифтіде болған еді. Анықталғандай 5 жасар балаға зақым келтірген жігіт психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады. Полицияның мәліметінше, қылмыстық іс қозғалып, баласын назарда ұстамаған ата-ана жауапкершілікке тартылатын болады.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от OZGERIS (@ozgerisinfo)