Астанада көшеде кішкентай жиенін ұрып-соққан 17 жастағы қыз жазадан құтылды. Сот істі қысқартты.
Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын желіде белгісіз бойжеткеннің кішкентай қызды ұрып-соққан видеосы пайда болған еді. Оқиға адам көп жүретін көшеде болған. Анықталғандай, бойжеткен балабақшаға барғысы келмегендіктен, қызды осылай тәртіпке салмақ болған екен.
«Оқиғадан кейін бойжеткенге қатысты «Ұрып-соғу» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді. Оның кінәсі дәлелденгенімен, тараптардың татуласуына байланысты іс жабылды.
А. есімді азаматшаның қыздың ата-анасымен татуласуына байланысты сот қаулысымен іс өндірістен қысқартылды (ӘҚБтК-нің 64-бабының 1-1-бөлігі). Қаулы заңды күшіне енген жоқ», – делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ