Астанада дронның көмегімен түрмеге есірткі кіргізбек болғандар ұсталды

Полиция қызметкерлері дронның көмегімен колонияға марихуана жеткізбек болғандардың жолын кесті.

Polisia.kz-тің мәліметінше, тәртіп сақшылары Михайловка-Аршалы автожолында Kia K5 автокөлігін тоқтатқан.

Анықталғандай, көлікті бұрын бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеген ер адам жүргізген. Сондай-ақ, автокөлікте тағы екі ер адам болған, оның біреуі бұрын Астана қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №2 мекемесінде жазасын өтеген.

«Автокөлікті тінту барысында өсімдік тектес заттары бар екі түіншек, сондай-ақ, есірткіні колония аумағына жеткізу үшін қолданған дрон тәркіленді», — делінген ақпаратта.

Сараптама нәтижесі бойынша салмағы 23,7 г марихуана тәркіленді. Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Аршалы аудандық Полиция бөлімі өзара іс-қимыл жасай отырып, №2 мекеменің қызметкерлері тәркілеген есірткіні ықтимал алушыны анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Фото: Polisia.kz


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...