Астанада 1000 дөнер тегін таратылатынын естіген халық жиналып бір-бірін таптай жаздады. Мекеме иесі жарнама үшін осынша адам жинап, көшелерде кептеліс жасағаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Донерді тегін тарататынын естіген 4 мыңға жуық халық қаланың төрт көшесіндегі көлік қозғалысына кедергі жасаған. Желі кадрларынан адамдардың жиналған тобының бір-бірін таптап, кептеліп қалғаны байқалады.
“Ақырында тегін тамаққа қол созып таласқандар бірін-бірі таптап, жағдайға полиция араласты. Жиналғандар біраз уақыт тарамай жүріп алған. Көпшілік тегін тамақ алғысы келетіндердің осынша көптігіне қайран қалды. Олар мұндай акция жасаушыларды жауапқа тартуды ұсынып отыр”, – делінген желідегі видео астындағы жазбада.
Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайды растады. 25 қыркүйекте мекеменің ашылуы және донер талондарын жеңілдікпен беру кезінде адамдар көп жиналғанын жеткізді.
«Жағдайды реттеу және адамдардың кептелуін шешу үшін полиция қызметкерлері мен Есіл ауданы әкімдігінің өкілдері келді. Полицейлер іс-шараны ұйымдастырушыларды анықтады», — деп хабарлады ведомство.
Талондарды таратқан мекеменің иесі 73 840 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ПІКІР ЖАЗУ