Елорда прокурорлары лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілерін анықтады, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
Бақылаушы орган қызметкерлерінің мәліметінше, Астана қалалық Білім басқармасындағы бөлім басшысы қызметтік өкілеттігін жеке басының материалдық пайдасы үшін қолданған.
«Тексеру материалдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды. Қосымша бірнеше рет пара алу деректері де анықталды», – делінген прокуратура хабарламасында.
Сот мемлекеттік орган қызметкерін кінәлі деп танып, оған бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру