Астанада кеше түнде ер адам көшеде әйелге шабуыл жасады. Ер адамның КТК телеарнасының экс-директоры, қоғам қайраткері Арман Шораев екені анықталды.
Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің telegram-арнасында хабарлады.
Бақылау камералары оның әйелді шашынан сүйреп, жұдырықпен ұрып, жерге лақтырып жібергенін түсіріп алған.
Бүгін Астана қаласы Полиция департаменті іске қатысты пікір білдірді.
«Бірге тұратын әйеліне қол көтеріп, дене жарақатын салу фактісі бойынша А.Ш. есімді азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті экспертизалар тағайындалды», — делінген департаменттің inbusiness.kz сауалына жауабында.
Оқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатыр.
ПІКІР ЖАЗУ