Астанада алты жасар баланы жүк көлігі қағып, мерт қылды

Астанада Әл-Фараби көшесінде орналасқан тұрғын үйдің ауласында 6 жастағы баланы жүк көлігі қағып кетті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Кәмелетке толмаған баланың өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

— Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы Dongfeng маркілі көлік жүргізушісі Әл-Фараби көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен манвер жасап, 6 жастағы велосипед мінген баланы қағып кеткен, — деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінен.

Оқиға салдарынан бала ауруханаға жеткізіліп, онда ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Осыған дейін елордада Бейсекбаев көшесімен келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі Кенесары көшесінің қиылысында бұрылу кезінде, бағдаршамда белгіленген жолақтан жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы жаздық.