Астана әуежайын су басты

Әуежай
Фото: Бейнеден алынған

Астанада халықаралық әуежайдың төбесінен су кетіп жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Оқиғаға куә болған жолаушылар әлеуметтік желіде видеоларды жүктеп жатыр. Шатырдан аққан су стратегиялық нысан ішіндегі LED экран мен ғимараттың басқа шетіндегі жүк бөлмесінің төбесінен құйылып жатыр. Видеода жүктердің малмандай су болғаны көрініп тұр.

«Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында мердігер құрылыс компаниясы Астана әуежайының халықаралық терминалында су құбырына зақым келтірді. Қазіргі уақытта зақымдануды жою бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуде. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, зақымдануды жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», — делінген Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Әуежайының баспасөз қызметі.