Астанада мен Алматыда жаңа үйлердің шаршы метрі 500 мың теңгеден асты
2024 жылдың желтоқсанында еліміздің ірі қалаларындағы жаңа тұрғын үйлердің орташа бағасы 500 мың теңгеден асты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жыл ішінде баға 3%-ға өскен.
Өткен жылы екінші нарықтағы баспаналарда да айтарлықтай өзгерістер болды. 2024 жылдың желтоқсанда қайталама тұрғын үйдің орташа бағасы шаршы метріне 516,2 мың теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 4,2%-ға өсті.
Еліміздегі ең қымбат жаңа тұрғын үйлер Астанада тіркелді, мұнда 1 м² үшін орташа баға 595 мың теңгені құрады.
Алматыда бұл көрсеткіш сәл төмен – 582 мың теңге.
Шымкентте жаңа тұрғын үй бағасы 444 мың теңге болды.
Ең қолжетімді жаңа пәтерлер Ақтөбеде (286 мың тг), Оралда (287 мың тг) және Көкшетауда (319 мың тг) сатылды.
Қайталама нарықта ең қымбат тұрғын үйлер Астана, Алматы және Атырау қалаларында тіркелді.
Егер құрылыс компаниялары ҚҚС жеңілдіктерінен алынып тасталса, баға 10%-ға қымбаттауы мүмкін.
ПІКІР ЖАЗУ