Астана маңындағы газбен жабдықтау проблемалары: апаттың себебі белгілі болды

Фото: astanatv.kz

QazaqGaz Aimaq 4 желтоқсанда орта қысымды газ құбырынан газ шығуы анықталғанын мәлімдеді. Газ құбырын басқа жеке компания зауыттық ақауы бар сапасыз материалды қолдана отырып салды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

«Ағуды жою үшін аталған газ құбырының учаскесін қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылданды. Дайындық жұмыстары жүргізілгеннен кейін QazaqGaz Aimaq пайдаланушы ұйымы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін тұтынушыларды алдын ала хабардар етіп, 5 желтоқсанда апаттық өшіруді жүргізді», — делінген хабарламада.

Оқиға орнында Энергетика басқармасының, аудандық әкімдіктің және QazaqGaz Aimaq Астана өндірістік филиалының басшылығы болды. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Талаптарға сәйкес, әрбір тұтынушының авариялық жағдайларда резервтік көзі болуы қажет», — деп толықтырды компанияда.

Сағат 21: 00-де газ құбырының апатты учаскесі қалпына келтіріліп, газ іске қосылды. Барлық тұтынушыларды толық қосу 23: 00-де аяқталды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…