Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі анықталды: Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауап берді

Фото: ашық дереккөз

Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі анықталғаны туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Ozgeris.info.

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілерде таралған Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі анықталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және жалған. Теріс жарияланымдарда маймыл шешегінің елге енуіне қарсы дайындық бойынша өткізілген ведомствоаралық оқу-жаттығу барысында түсірілген бейнематериал қолданылған.

ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанда маймыл шешегі ауруының бірде-бір жағдайы тіркелмегенін, сондай-ақ сырттан әкелінген жұқпалы жағдайлардың тіркелмегендігін хабарлайды», — делінген хабарламада.

Маймыл шешегінің елімізге енуінің алдын алу мақсатында өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді.

Жалған ақпарат таратқан адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

«Әлеуметтік желі қолданушыларын және барлық азаматтарды тек ресми дереккөздерден алынған сенімді ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз», — дейді комитет өкілдері.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом