«Астана — Алматы» жолы ақылы болады, деп хабарлады Көлік министрлігі. Марат Карабаев «Астана — Алматы», «Қызылорда — Арал» жолдары ақылы болатынын мәлімдеді.
«Бізде кейбір жолдарда тек ауыр жүк көліктері үшін ақы алынады, бірақ кейбір учаскелерде жеңіл көліктер үшін де ақы алынатын болады. Уақыт қажет, инфрақұрылымды орнату және камераларды орнату үшін», — деді министрлік басшысы.
Сонымен қатар, ол «Қызылорда — Арал» жолы осы жылдың басынан ақылы болатынын, ал басқа учаскелердің ақылы болуы айларға бөлінгенін атап өтті. Негізгі бөлігі екінші жартыжылдықта ақылы болады.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру