Асхат Тағыберген жалақы дауынан кейін «Ордабасы» клубынан кетті

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман Асхат Тағыбергеннің “Ордабасы” клубынан кеткенін хабарлады.

Бұл туралы ол өз Telegram-арнасында жазды.

Оның айтуынша, Тағыберген шымкенттік клубтан кеткенін растаған.

“Келісімшартының аяқталуына 10 ай қалған еді. Ол толық өтемақы талап етпей, өзіне ең тиімсіз нұсқаны таңдады”, – деп түсіндірді Құрман.

Әзірге футболшы басқа клубқа ауысқан жоқ, бірақ жақын арада жаңа ақпарат пайда болуы мүмкін, деп қосты ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков қала тұрғындарымен кездесу барысында ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің “қазір ойнай алмайтынын” және “кеткісі де келмейтінін, жай ғана отырғанын” айтқан болатын. Сол кезде қала басшысы Қазақстан футбол құрамасы капитанының жалақысы 20 миллион теңгені құрайтынын мәлімдеген. Кейін Тағыбергеннің жары Сыздықбековтің сынына жауап берді.

34 жастағы Тағыберген бұған дейін “Ақтөбе” және “Астана” клубтарында ойнаған, ал 2014 жылдан бастап ұлттық құрамаға тұрақты түрде шақырылып келеді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…