Асхат Аймағамбетов Талдықорғандағы мектепте болған оқиғаға байланысты пікір білдірді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Талдықорғандағы №4 орта мектепте мұғалім мен оқушы арасында болған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ozgeris.info».

«Қай заманда болмасын азаматтарымыз үлкендерге, әсіресе ұстаздарға құрметпен қарайтын, оларды сыйлайтын. Үлкенді сыйлау, отбасы құндылығы, адалдық, инабаттылық, еңбексүйгіштік, білімге құштарлық, заңға бағыну және отансүйгіштік болашақ ұрпақты тәрбиелеудің негізі болуы керек. Бүгін мен №4 орта мектептің мұғалімімен телефон арқылы сөйлестім. Ол білім саласында 11 жыл бойы қызмет етіп келеді. Әріптесіме қолдау сөздер айтып, қажырлы еңбегі, шыдамдылығы мен адалдығы үшін алғыс білдірдім», – деп жазды Асхат Аймағамбетов Telegram арнасында.

 «ozgeris.info»