Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың туған ауылын көрсетті, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Айтыскер ақын Демеуді соңына дейін қолдаған жерлестерінің әрекетіне қуанды.
“Демеудің туған жері Үшарал халқының махаббатын қараңыздаршы?! «Баласы атқа шапса анасы тақымын қысады» деген осы… Бүкіл әлем көз тігіп отырған жарыста екінші болу үлкен мәртебе! Күміс құтты болсын!” – деп жазды айтыскер ақын.
Айнұр Тұрсынбаева жүлдегердің туған жері мен үйін көрсетіп, Елдосқа төсеген асфальттан үміті барын жасырмады.
“Демеу бауырымыздың жарысын бәріміз күттік қой. Олимпиаданың күмісі бұйырған екен, құтты болсын! Үшарал халқы алаңға шығып осы жарысты тамашалаған екен… Чемпион ұлдардың ауылына жасалған жағдай бізге де жасала ма деген үміт те бар еді ғой… Осындай батыр ұлдың ауылына да асфальт төсеп, Жетісу жұрты тік тұрып қарсы алғалы жатқан шығар… Медаль құтты болсын қазақ елі”, – деді Айнұр.
Айта кетейік, 77 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан Демеу Жадыраев жартылай финалда Жапондық Нао Кусакамен белдесті. Бұл кездесуде қазақстандық балуан жеңіліп қалды.
ПІКІР ЖАЗУ