«Қарызсыз қоғам» жобасы 2023 жылы еліміздің 8 өңірінде басталды. Оның арқасында бүгінде 2200-ден астам астаналық қаржылық сауаттылық бойынша білім алды.
«Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша еліміздің сегіз өңірінде 120-дан астам сарапшы оқудан өтіп жатыр. Әлеуметтік жоба сәтті жүзеге асқаннан кейін еліміздің барлық өңірінде қолға алынды.
Жобаның тәлімгері Зульфия Бадееваның айтуынша, оқыту адамдар бюджетті есептеуді, кірістер мен шығыстарды салыстыруды, жеке қаржыны және депозиттер, несиелер, ипотека және т.б. қаржы құралдарын басқаруды үйренетіндей құрылымдалған.
Қаржылық сауаттылық деңгейін арттырумен қатар, біз алаяқтық, банкроттық, төлем қабілеттілігі сияқты модульдерді қарастырып жатырмыз. Сондай-ақ, қаржылық сауаттылықтың белгілі бір сатысында тұрғандар инвестиция тақырыбы бойынша тренингтен өтуге шақырылады, онда біз акциялар, облигациялар және қор биржасы туралы әңгімелесеміз. Қатысушылар үшін бонустық модуль қолжетімді: бизнес орнын қалыптастыру, мемлекеттік қолдау шаралары мен гранттар. Барлық модульдер есептерді шешумен және кейстермен сүйемелденеді, осылайша қатысушылар қай жерде пайда бар, ал қай жерде жоқ екенін түсінеді. Тренингті тәжірибемен біріктіру қатысушыларға қысқа мерзімде курсты толық түсінуге мүмкіндік береді, — дейді қаржы сарапшысы.
Айта кетерлігі, жобаның ерекшелігі – қатысушылар сот істеріне қатысы жоқ барлық сұрақтарды талқылау үшін адвокатпен кеңесе алады. Мысалы, сіз 90 күннен астам уақытты кешіктіріп жатсаңыз және коллекторлар қоңырау шалса, не істеу керек?! Адвокат сізге өзін қалай дұрыс ұстау керектігін, құжаттарды рәсімдеу және қандай шаралар қолдану керектігін айтады.
Маманның айтуынша, қатысушылардың 60 пайыздан астамы – қарызға батқандар.
Халықтың қаржылық сауатының төмендігі туралы әңгіме көп. Мысалы, адамдар кірісі мен шығысын есептемей, бөліп-бөліп, несие алады. Курс барысында біз қатысушылардың ай сайынғы төлейтін несиесі табысынан бірнеше есе асып түсетінін анықтадық. Көп адамдар бөліп төлеудің несие екенін білмейді. Егер адам төлемесе, оның несие тарихы нашарлайды. Несие тарихыңызды бұзбау неге маңызды? Өйткені тұрғын үй сатып алу, жеңілдікті қаржыландыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларға өтініш бергенде бұл ескеріледі. Несие нашар деп отырған жоқпыз, адамдар несиеге саналы түрде қарау керек. Көптеген адамдар пайыздық мөлшерлемелерді қарастырмайды. Ал бұл аса маңызды аспект, — деп бөлісті Зульфия Бадеева.
Осылайша, бұл жоба қатысушыларға жеке қаржы мен отбасы бюджетін жоспарлауды үйренуге, алған білімдеріне негізделген бизнес ашуға көмектеседі.
Фото: Астана қаласы әкімдігі
ПІКІР ЖАЗУ