Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен адвокатына қатысты сот талқылауы басталды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен заңгеріне қандай айып тағылғанын айтты. 

«Арыстанбек Мұхамедиұлының әйеліне пара берудегі делдалдық, ал адвокатына — аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген айып тағылды. Сот талқылауы кеше басталды. Сот актісі жарияланған уақытта ресми ақпарат қосымша ұсынылады», — деп жауап берді сот агенттік тілшісінің сауалына.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарына қатысты жаңа іс аясында сот талқылауы жалғасуда. Сотта екі эпизод — «Дипломат» қонақүйін тартып алу және «Алтын адам шеруі» көрмесін өткізу кезінде билігін асыра пайдалану, рейдерлік әрекет қаралып жатыр.

фото: Halyq Uni


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…