Аршалыда 73 жастағы әжейді туған ұлы ұрып-соққан

Ақмола облысында 73 жастағы әйел түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Оны ұрды деген күдікке өзінің ұлы ілінді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Ақмола облысында жергілікті полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2 554 қорғау нұсқауын берген.

Полицейлердің айтуынша, көбіне егде жастағы адамдар туыстары мен достарынан зардап шегеді. Олардың арасында 17 қыркүйекте түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген Аршалы ауданының 73 жастағы тұрғыны да бар.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері 17 қыркүйекке қараған түні қарт ананы жанжал кезінде 1991 жылы туған ұлының ұрып-соққанын анықтады, — деп хабарлады ІІМ өкілдері.

Полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Много лет диабета закончились за 2 дня! Теперь сахар в норме...