«Арсенал» футбол клубына Нұралы Әліпті алу ұсынылды

Arseblog News атты «Арсенал» туралы блог жүргізетін британиялық журналист Эндрю Аллен Twitter парақшасында Қазақстан мен Норвегия матчы туралы жазды, деп хабарлайды ozgeris.info.

 

Алматыдағы ойын 0:0 есебімен аяқталды. Норвегияның Сорлот, Холанд, Эдегор жұлдызды ойыншыларынан алаңнан қанжығасы байланбай кетті.

 

«Эдегор жаңа ғана Норвегия сапында Қазақстанмен ойнады. Матчта есеп ашылған жоқ. Осы кездесуде Холандқа қарсы ойнатқан қорғаушыны «Арсенал» қатарына қосу керек», — деп жазды Аллен.

 

«Манчестер Ситидің» жұлдызды шабуылшысы Эрлинг Холанд орталық алаңдағы Нұралы Әліп, Әлібек Қасым, Александр Марочкин үштігінен өте алмады. Әсіресе, Нұрәлі Әліп 24 жастағы шабуылшыға қарсы жақсы ойнады.

 

Айта кетейік, бұл Станислав Черчесовтің Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойыны болатын. Ресейлік бапкер дебюттік кездесуін сәтті өткізді. Енді келесі матч 9 қыркүйекте Люблянде (Словения) өтеді.